Жаңалықтар

21 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік дипломатиялық корпуспен кездесті.
119.jpg

Мемлекет басшысы «біздің есептеуімізше  Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін дамыту бағдарламасының дәйекті жүзеге асырылуы 2015 жылы біздің жылына 150 миллион тонна көлемінде мұнай өндіруімізге және ірі мұнай өндірушілердің ондығына кіруге қол жеткізуімізге мумкіндік туғызбақ», деп атап өтті.    
-Қазақстан өзіне алған міндеттемелерді қатаң ұстанатын болады жәнешетелдік мұнай  компаниялармен бұған дейін қол қойылған келісім-шарттарды біржақты түрде  қайта қарамайды. Сонымен бірге біз шетелдік әріптестерден келісім-шарттардың, атап айтқанда, әсіресе  әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды орындауда қатаң сақталуын күтеміз. Өнімді бөлу туралы жаңа келісім жасасқанда Қазақстан мемлекеттік мүдделердің барынша ескерілуі бойынша  мейлінше талап қоятын болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  
Президент халықаралық қаржы институттарына елімізде нарықтық реформалар мен құрылымдық өзгерістер жүргізуде көрсеткен көмектері мен республикамыздың ауыр экономикалық кезеңінде қолдау білдіргендері үшін алғыс білдірді.  
   
- Біз тәуелсіздік алғалы бері «демократияландыру экономикалық өсу арқылы» деген қағидатты ұстандық. Бүгінгі күннің ұстанымымен алып қарасақ, мұндай қадам өзін-өзі толықтай ақтағанын айта аламыз. Біздің барлығымыз экономикалық берік іргетас қаламай тұрып саяси өзгерістер жолымен жүрген елдердегі сілкіністер мен қақтығыстардың, ұзаққа созылған экономикалық дағдарыстың куәсі болып табыламыз, –деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.  
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін айта келе,  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан посткеңестік елдер қатарында бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдағанын айтты.

    
 - Таяуда «Транспаренси интернешнл» Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуде айтарлықтай алға басқанын атап өтті. Қазақстандағы жемқорлық деңгейі басқа да барлық ТМД елдерінен төмен екенін айғақталған.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінде алдағы президенттік сайлау тақырыбы да қозғалды.

 
- Еркін және бәсекелі сайлау өткізу мақсатында мен «Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойдым. Осы Жарлыққа сәйкес біздер сайлауды әділ, ашық әрі еркін өткізгіміз келеді. ОСК барлық сайлау алды додаға қатысушыларды өз үгіт-насихаттарын Конституция мен қолданыстағы заңдар шеңберінде жүргізуге шақырды. Бұл демократия мен заңдылық ажырамас ұғым екенін ескеретін, елдегі бейбітшілікті қадірлейтін баршаңыздың қолдауымызға ие болады деген үміттемін.

 
Мен кез-келген шетелдік ұйымдар мен елшілік қызметкерлерінің кеңес беру, саяси партияларды қаржыландыру және олардың мүдделерін көздеу арқылы елдің ішкі ісіне араласуына жол берілмейтінін бұған дейін де айттым, тағы да қайталап айтамын. Бұл біздің заңдарымызға қарама-қайшы. Сайлау процесіне қатысушының кез-келген заң бұзушылық әрекетіне қатаң тосқауыл қойылады. Және бұл жерде демократиялық желеуді алға тартудың реті келмейді.

 
 Біздер халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ өкілдерін, басқа да мүдделі тұлғаларды сайлау алды және дауыс беру науқаны барысын бақылауға белсене қатысуға шақырамыз.  
Біздер алдағы сайлау жалпыға бірдей халықаралық стандарттарға толығымен сәйкес келетініне сенімдіміз және сайлаушылардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға қажетті барлық шараларды қолданамыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 
Мемлекет басшысы сондай-ақ АӨСШК, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту; Ресей, Қытай Халық Республикасы, Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық әріптестік; ТМД, Еуропалық Одақ, Азия, Таяу Шығыс және мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастық орнату сынды Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарын атап өтті.

 
- Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарды нығайту Қазақстан сыртқы саясатының айнымас басымдығы болып табылады. Мен ақпандағы Жолдауымда Орталық Азиялық Ынтымақтастық Одағын құру туралы бастама көтердім. Бұл бастама заман талабымен үндес және біздің елдердің жаңа қауіп-қатерлерге қарсы, жалпы рынок және ақпараттық кеңістік қалыптастыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға деген әрекеттерін біріктіруге бағытталған. Бұл ұсыныс біздің көршілеріміз тарапынан қолдау тауып отыр. Жақын арада Өзбекстан басшылығымен жоғары деңгейде кездесулер өткізіледі, онда бұл мәселе ең маңызды тақырыптардың бірі ретінде қарастырылады, - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

 
Қазақстан ЕҚЫҰ-мен өзара қарым-қатынастарды нығайту үшін.

 
- Қазақстанның 2009 жылы Еуропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету туралы ұсынысы – нағыз еуразиялық негіздегі осы ұйымның дамуына өз үлесімізді қосуға деген ниет болып табылады. Бұл Қазақстан үшін үлкен сын, бірақ бұл ЕҚЫҰ үшін де біздің еліміз қол жеткізген саяси реформалар мен экономиканың нарықтық өзгерістерді мойындататын сын. Біз осы ұсынысымызды қолдағаны үшін ТМД елдеріне ризашылығымды білдіреміз. ЕҚЫҰ мүше мемлекеттердің оң шешімі Орталық Азиядағы әлеуметтік-экономикалық және демократиялық өзгерістерге серпін береді – деп атап өтті Президент.

    
- Өздеріңізге жүктелген миссияны табысты атқарып жүрген Қазақстанмен татулас мемлекеттердің өкілдері – Сіздердің алдағы уақытта да біздің елдеріміз арасындағы байланыстарды нығайтуға және дамытуға құнды үлес қоса беретіндеріңізге сенімдімін. Мен Сіздерге мықты денсаулық, қызметтеріңізге зор табыстар тілеймін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің толық мәтінін қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар