Кездесу кезінде Мемлекеттік комиссияның жұмысы және оның кеше Астанада өткен екінші отырысының нәтижелері талқыланды.
- Мемлекеттік комиссияның кешегі отырысы өте қызу түрде өтті. Біз бүгінгі таңда әлемде демократияның үш түрлі үлгісі, атап айтқанда еуропалық, классикалық және африкалық-азиаттық жаңа үлгінің қолданылып жүргені туралы айттық. Осы орайда Қазақстан аталған үлгілердің біздің жағдайымызға, біздің мәдениетімізге, біздің халқымызға, біздің дәстүрімізге сай келетініне таңдау жасауы керек. Бұл процесс уақыт жағынан алғанда әрине ұзаққа созылады. Біз бірте-бірте тәжірибе жинақтай түсеміз, - деді О.Сүлейменов журналистерге арналған брифингте.