Жаңалықтар

24 мамыр 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті.
001_1306288490229

Ақордадағы кездесудің ресми рәсімінен кейін шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер болып өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко екіжақты өзара іс-қимыл мен халықаралық және аймақтық ұйымдардағы ынтымақтастықтың ең өзекті мәселелерін талқылады.

- Біз Сізбен және Сіз бастаған делегация мүшелерімен Қазақстанда, Астанада кездескенімізге қуаныштымыз. Сіз Қазақстанға президенттік сайлаудан кейін алғаш сапармен келіп отырсыз. Біз бұл біздің елдеріміз халқының сенімі мен экономикалық және саяси салаларда қалыптасқан зор ынтымақтастығының белгісі болып табылатынын түсінеміз. Биылғы жылы екі ел де тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Біздің халқымыз үшін, Қазақстан мен Беларусь үшін, ең бастысы, ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті сақтап қалдық. Бұл біздің Сізбен бірге президенттік қызметіміздегі басты жеңісіміз. Биылғы жылы біз ТМД, өзге де ұйымдар аясында тағы кездесеміз. Қазақстан мен Беларусь ТМД, ЕурАзЭҚ секілді ықпалдастық бірлестігіне мүше. Енді Кедендік одақ үш мемлекеттің – Ресей, Беларусь және Қазақстанның өте маңызды тақырыбына айналды. Ал қазіргі кезде Бірыңғай экономикалық кеңістік құру бойынша жұмыс істеудеміз. Біз әлемдік экономикадағы жаңа дағдарыстар жағдайында өмір сүріп отырғанымызды білеміз. Жақында ғана үлкен дағдарысты бастан өткердік.  Қазақстан да, Беларусь та әлемдік дағдарыстан лайықты әрі аз шығынмен шықты деп айтуға болады. Біз Сіз жүргізіп отырған саясатты, Сіздің еліңіздің экономикалық және әлеуметтік даму басымдықтарын қолдаймыз. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) төрағасы ретінде сіздер жаңа көзқарастар ұсынып отырсыздар. Қазақстан оларды қолдайды. Қазақстан мен Беларусьтің Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы (ТМД), ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ аясындағы ұстанымдары әрдайым сәйкес болып келеді. Мен 2009 жылғы Минскіге сапарымды үлкен ықыласпен еске аламын. Сізбен бірге, Александр Григорьевич, біздің келісімдеріміз іс жүзіне асырылып жатқанын қуанышпен атап өткім келеді. Бүгінгі келіссөздердің қорытындысы бойынша біз бірлескен мәлімдеме әзірледік. Онда қазақстандық-беларустық байланыстардың барлық кешені және көптеген салалар бойынша біздің өзара қатынастарымыз көрініс тапқан. Сізге тағы да «қош келдіңіз» деймін. Мен бүгінгі сапарыңыз біздің қарым-қатынастарымыздың одан әрі дамуы үшін жаңа серпін береді деп санаймын. Біздікі өзара толықтырушы экономика. Қазақстан – ауыл шаруашылық мемлекет. Ал Беларусьта тау-кен металлургиялық және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу салалары үшін мықты машина жасау саласы бар. Бізде 2020 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық бағдарламасы әзірленген. Біз қазір 2014 жылға дейінгі алғашқы бесжылдықты жүзеге асыру үшін жұмыс істеудеміз. Біздің барлық келісімдеріміз осы бағдарламаға негізделген. Оларды орындау біздің ынтымақтастығымызды жаңа биікке жеткізеді. Қазақстан Беларусьпен ынтымақтастық бойынша негізгі әріптестердің бірі, яғни Ресей мен Украинадан кейін үшінші орынды иеленеді. Мәселен, өткен жылы, әрине,  дағдарыстан кейін тауар айналымы 50 пайызға өсті, биылғы жылы да осындай қарқынға ие, яғни біздің ынтымақтастығымызда жақсы перспектива, жақсы қарқын бар, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Беларусь Президенті Мемлекет басшысына жылы шырайлы қабылдауы мен қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді.

- Біздің халықтарымызды бірнеше ондаған жылдар бойына тек қана тығыз ынтымақтастық пен өзара көмек қана емес, сондай-ақ бірегей одақтастық қарым-қатынастар біріктіріп келеді. Біз Қазақстанның дамуын үлкен қызығушылықпен және назар салып қадағалаудамыз. Осыған байланысты мен Сізді, Нұрсұлтан Әбішұлы, осындай табыстарыңызбен құттықтаймын. Жақында президенттік сайлау өтті. Қазақстан халқы бірауыздан өзінің Елбасын қолдады. Осы орайда біздің, таяуда болып өткен президенттік сайлаудың қорытындысына байланысты Беларусь тарапының құттықтауын қабыл алыңыз. Қазақстан мен соңғы рет осында болғаныммен, өткен жылмен салыстырғанда, алға ұмтылып, айтарлықтай өзгеріп келеді, бұны болып жатқан жағымды қозғалыстан байқамау мүмкін емес. Осы сәтті пайдаланып, Нұрсұлтан Әбішұлы, осы жетістіктеріңізбен Сізді құттықтаймын. Сіздің ойларыңыз, қабылдаған шешімдеріңіз іс жүзіне асуда. Астанада барлық қажетті инфрақұрылымдар құрылды. Сіздер қазіргі кезде елорда мен  мемлекеттеріңізді тұрақты даму жолына қойдыңыздар. Біз Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысуға қызығушылық танытып отырмыз және Қазақстан да бізбен тәжірибе алмасып, бір-бірімізді қолдауға, қазіргі уақытта бірлесіп дамуды қалаймыз. Біз Қазақстанға келіп бірлесіп жұмыс істеуге, сондай-ақ қажетті өнімдерді бірлесіп шығаруға дайынбыз. Өзіңіз айтқандай, осы арқылы біз экономикамызды өзара толықтырып отырамыз. Біз Сіздің елді индустриаландыру туралы бағдарламаңызға қосылуға әзірміз. Біздегі тауар айналымы биылғы жылы миллиард долларға жақындады, мен ол миллиард доллардан да асады деп сенемін. Біздегі тауар айналымы абсолютті баланс сипатына ие. Бұл біздің мемлекеттеріміз үшін өте маңызды, - деп атап өтті Александр Лукашенко.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық аренадағы ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан мен Беларусьтің өзара ұмтылысын айқындайтын бірлескен мәлімдеме қабылданды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға: Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасындағы үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Беларусь Республикасы Қорғаныс министрлігі арасындағы мемлекеттік әуе кемелерінің қауіпсіз ұшуы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Ресми бағдарлама аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко брифинг өткізді.

- Ең алдымен, мен Беларусь Президенті Александр Григорьевич Лукашенкоға менің шарыруым бойынша ресми сапармен келгені үшін өзімнің ризашылығымды білдіремін. Біздің жоғары деңгейдегі тұрақты кездесуіміз берік дәстүрге айналды. Ол кездесулер біздің өз елдеріміздің өзара қарым-қатынастарына үлкен мән беретінімізді айғақтайды. Беларусь – Қазақстанның негізгі саяси және әріптесінің бірі. Біздің дәстүрлі қарым-қатынастарымыз экономикалық, гуманитарлық және саяси салалардағы біздің қатынастарымызды тереңдетуге және кеңейтуге деген прагматикалық көзқарасымыз бен ұмтылысымызбен ерекшеленеді, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан Беларусьтың саяси-экономикалық әріптестерінің ішіндегі ең ірі үштігіне кіріп отырғанын атап өтті. Екі елдің арасындағы тауар айналымы артып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 56 пайызға өсіп, 700 млн. АҚШ долларынан астам қаржыны құрады. Қазақстанға салған тіке беларустық инвестиция деңгейі 55 пайызға артқан. Биылғы жылы да бұл жағымды үрдіс сақталып отыр. 2011 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 150 млн. АҚШ долларына жеткен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,5 есеге артық.

Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастығының 2010-2011 жылдардағы экономикалық қарым-қатынастар бағдарламасы бойынша елеулі жобалар іске асырылды.

Бүгінде беларустық кәсіпорындардың Қазақстанда 23 сервистік орталықтары, 80 бірлескен кәсіпорындары, 6 сауда үйлері, біршама беларустық компаниялардың дилерлері мен өкілдері жұмыс істеуде. Олар барлық облыстарда еңбек етуде.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақстан-беларусь бірлескен комиссиясы табысты жұмыс істейді.

- Қазақстанның индустриалдық бағдарламасында Беларусьпен ынтымақтастыққа, бірлескен кәсіпорындар құруға елеулі маңыз берілетінін атап өткім келеді. Беларусьтің Қазақстандағы БелАЗ тәрізді ірі компаниялары, астық жинаушы компаниялары, дизелді двигателдер, арнайы техникалары өндірісін қуатты оқшаулау ерекше өзгешеліктер болып табылады. Осының бәрі жүзеге асырылуда. Қалған 22 жоба, соның ішінде лифт, тұрмыстық техника, әскери-өнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылығы жүзеге асырылу үдерісіне жатады. Ғылыми және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық кеңеюде. Біз мемлекеттеріміз арасындағы барлық мәселені достық және өзара түсіністік рухында шешеміз. Бүгін біз бірлескен мәлімдемеге қол қойдық және екі ел Үкіметіне 2012-2013 жылдарға арналған ынтымақтастықтың одан арғы бағдарламасын әзірлеу туралы тапсырма бердік. Мен бірлескен жұмысымыздың мәселелер тізбесі едәуір кеңейе түседі деп ойлаймын. Қазақстанның Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына белорустық тарап үлкен қызығушылық танытып отыр. Біз оған қатысуға зор ықыласпен шақырамыз. Мен жалпы сомасы 100 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны құрайтын белорустық техника жинау жөніндегі бірлескен жоба – яғни, бесеуі біздің бағдарламаға енгізілгенін айтқанмын. Атап айтқанда, біздің мемлекеттеріміздің халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, Беларуське мұнай тасымалдау туралы екіжақты келісімге қол қоюға байланысты энергетикалық диалогты дамыту үлкен мүмкіндіктерге жол ашады, - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті. Қазақстан Беларуське  бидайдың қатты сорттарын жеткізуші болуға дайын.

Сонымен қатар Қазақстан мен Беларусь арасында мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық деңгейі жоғары. Өткен жылы Қазақстанда Беларусьтің мәдени күндері өтті. Екі ел денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм салаларында ынтымақтастастықта.

- Беларусь біз үшін маңызды әріптес саналады. Сондықтан біз ТМД, ЕурАзЭҚ тәрізді интеграциялық бірлестіктерде бірге келеміз. Өткен жылдан бері Ресей, Беларусь және Қазақстан Кеден одағына мүше. Қазіргі уақытта Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру үшін жұмыс істеудеміз. Және бәріміз ҰҚШҰ-на мүшеміз. Біз экономикалық, саяси және қорғаныс салаларында жақын әріптестер болып саналамыз. Қазақстан осы қарым-қатынастарды тереңдету және кеңейтуді жалғастыру бағытында. Біз ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өте терең, сенімді келіссөздер жүргіздік. Біз Қазақстанда осы жылдар ішінде Беларусь өзінің эконоикалық қуатын сақтап, мемлекет ретінде өңдеу саласында қандай жұмыстар жүргізгеніне түсіністікпен қараймыз. Біз – шикізат өндіретін мемлекетпіз. Беларусь – машина жасау саласы дамыған мемлекет. Сондықтан да біздің арамызда тамаша, өз-өзімізді толықтыратын мүмкіндіктер бар. Екі мемлекет те өз елдеріміз үшін мұндай мүмкіндіктерді жіберіп алмауы тиіс. Ынтымақтастықтың кең ауқымы біздің осы бөлікте жұмысты бастағананымзды білдіреді. Біз қазақстандық компаниялардың Беларусьтің ірі өнеркәсіп нысандарын жекешелендіруге қатысуы жөніндегі келешегін қозғадық. Бізді машина жасау, химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу, ауыл шаруашылығы салалары қызықтырады. Мен қазақстандық компаниялар Беларусьтегі жекешелендіру бағдарламасына белсене қатысады деп ойлаймын. Бұл үлкен сенімді тудырады, өзара тиімді инвестиция ағынын қамтамасыз етеді, екі елдің игілігі үшін қызмет ететін болады. Өз халқымның атынан Сізге, Александр Григорьевич, және Беларусь халқына игілік және осынау қиын уақыттағы істеріне табыстар тілеймін, - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, менің шын ниетті тілегімді және Беларусь халқының атынан Қазақстан Президенті қызметіне сайлануыңызға байланысты құттықтауымды қабыл алыңыз. Тамаша жеңіске жеттіңіз. Біз Сіз үшін қуаныштымыз. Құттықтауыңыз үшін Сізге үлкен рахмет. Сіз қазақстандық сайлауға бірнеше ай қалған уақыттағы желтоқсандағы президенттік науқанның аяқталуымен Беларусь халқын мемлекет басшылары арасынан бірінші болып құттықтадыңыз. Біз бүгін келіссөздердің нәтижесінде ынтымақтастықтың жаңа тақырыбын қозғадық. Алайда бүгінгі ресми сапардың басты қорытындысы – Қазақстан Президентімен біздің келісімдеріміз, біздің тарабымыздан беларусь-қазақстан ынтымақтастығы туралы жыл сайын қадағалап отыратын шешімдерді қабылдағанымыз. Біз жыл сайын кездесеміз, біз беларусь-қазақстан ынтымақтастығы барлық бағыттар бойынша қалай дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Тек бақылап қана қоймаймыз, сонымен бірге ынтымақтастықтың жаңа тақырыбын қозғаймыз. Оларды қазір ғана Президент айқындап берді. Бұл, келешекте, мұнай өңдеу саласындағы ынтымақтастық болмақ, біз бұған мүдделіміз. Бұл бізге мұнай және мұнай өнімдерін Беларусь аумағына тасымалдауды әртараптандыруға жол ашады. Біз сіздердің мүдделеріңізге орай бұл өнімдер мен тауарларды еуропалық нарыққа шығаруға дайынбыз. Беларусь аумағында сіздер өз бизнесмендеріңізге, өз кәсіпорындарыңызға қолайлы қызмет жасау режиміне мүмкіндік болады деп есептесеңіздер де болады. Біз сіздер үшін жағдай жасап, қоймалар беруге дайынбыз. Беларусьте көлік жүйесі жақсы жолға қойылған. Сіздер осында өндіретіндеріңіздің барлығын Беларуське әкеліп немесе сонда қайта өңдеп, еуропалық нарыққа шығара аласыздар. Сіздердің Еуропаның орталығында Беларусьтің қолдауына сүйенулеріңізге болады. Біз Президентпен мұнай өңдеу бағытында қалай әрекет жасайтынымызды ғана емес, сондай-ақ Қазақстанға мұнайхимия саласында не ұсына алатынымызды сөз еттік. Біз тек Қазақстанда ғана емес, Беларусьте де жаңа бірлескен кәсіпорындар құруға келістік. Нұрсұлтан Әбішұлы Беларусьтегі жоғары технологиялық кәсіпорындарға бұрыннан қызығушылық танытып келеді. Бізде Корея, Жапония және азиялық аймақтағы өзге де жоғары технологиялық елдермен өте жақсы байланыстар бар. Президент Бірыңғай экономикалық кеңістік – Беларусь, Қазақстан және Ресей үшін үлкен мүмкіндіктер екенін өте дұрыс айтты. Біз тек үлгі көрсетіп қана қоймай, бүгінде Қазақстан және Ресеймен бірге жұмыс істеп келе жатқанымыздай, осындай тығыз интеграциялық бірлестікте ынтымақтастықтың үлгісін көрсетуіміз керек, -деп атап өтті Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар