Жаңалықтар

4 ақпан 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің кезектен тыс мәжілісіне қатысты.
big-01.jpg

2008 жылғы 19-21 желтоқсанда Бурабайда өткен Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения президенттерінің бейресми кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер басшылары жаһандық экономикалық дағдарыс салдарын бірлесіп еңсеруге тікелей байланысты мәселелерді қарады.


Мәжіліс қорытындысы бойынша 10 миллиард доллар көлемінде Дағдарысқа қарсы бірлескен қор және халықаралық Жоғары технологиялар орталығын құру туралы шешімдер қабылданды.


Аталған Қордың құрылуы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерге ұлттық экономикадағы тұрақсыздану факторларының алдын алу, сала құраушы ірі кәсіпорындарды сақтау, сондай-ақ бизнестің іскерлік белсенділігі мәселелерінде өз іс-қимылдарын үйлестіруге мүмкіндік береді.


Жоғары технологиялар орталығының қызметі ғылыми-техникалық бағдарламалар мен ақпараттық және еншілес жобаларды бірлесіп әзірлеу мен жүзеге асыруға бағытталмақ.


ҰҚШҰ мен ЕурАзЭҚ мәжілістері аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің екіжақты кездесуі болды. Бұл екі ел басшыларының 2009 жылдағы алғашқы кездесуі болып отыр. Онда екіжақты қарым-қатынастың ағымдағы мәселелері талқыланып, таяу мерзімге арналған өзара іс-қимылдың нақты жоспарлары белгіленді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар