Жаңалықтар

21 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады.

«Лукойл» компаниясы Қазақстанның мұнай өндірісіндегі ірі инвесторлардың бірі және осы уақытқа дейін 4,5 миллиард доллар инвестиция салды. Ол Каспий құбыр арнасы консорциумы, Теңіз және Қарашығанақ сынды ірі жобаларды игеріп отыр. Өткен аптада «Лукойл» Қазақстанның батыс бөлігінде көмір сутегін игеру жобаларына қатысушы Nelson Resources Ltd акция пакеттерінің 65%-на ие болып, бүгінде компанияның ірі акционеріне айналды. 

В.Алекперов Президентке Қазақстанда «Лукойл» жүзеге асырып отырған жобалар мен компанияның инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы баяндап берді.

- Мен компанияның республика аумағындағы қызметінің жоғары бағаланғанына қуаныштымын. Мұндай инвестициялар саяси тұрақтылық қалыптасқан, қабылданған заңнамалық актілері инвестиция тартуға бағытталған, инвесторларға салған салымының зая кетпейтініне кепілдік беретін елдерге келетінін атап айтқым келеді. Мен бүгінде Қазақстан тұрақтылығының кепілі Президент Нұрсұлтан Әбішұлы екеніне кәміл сенемін, - деп атап өтті В.Алекперов.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар