Жаңалықтар

25 шілде 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары аяқталды.

big-01.jpg

big-02.jpg

Бүгін Елбасы Ақмола облысының Шучье ауданына барып, «Орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Көкшетау орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында болды. Мұнда Мемлекет басшысы орман шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулермен, сондай-ақ орман шаруашылығын Қазақстанның бүкіл аймақтарына бейімделген егістік материалдарымен қамтамасыз ету тәжірибесімен танысты.


Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарының соңында «Есіл Агро» ЖШС-нің алқаптарын аралап көрді және ауылдық кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.


- Мемлекет ауылға мықты қолдау көрсетіп отыр. Мәселен, ауылды қолдаудың үшжылдық бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 200 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі еліміз бойынша тұтастай алғанда, 40 пайызға артты. Табысы мол шаруашылықтардың саны еселеп өсті. Ауылды жерлерде 200 мыңнан астам қосымша жаңа жұмыс орындары ашылды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөйлеген сөзінде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар