Жаңалықтар

22 қыркүйек 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс бабындағы сапары аяқталды.

Мемлекет басшысы 10 мың тонна азық-түлік өміндерін салқын күйде сақтауға арналған жаңа қойма комбинатында болды. Мұнда облыстың басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жол картасын» жүзеге асыру барысы, инвестициялық жобалар туралы, сондай-ақ 2020 жылға дейінгі облыстың стратегиялық дамуының негізгі бағыттары туралы баяндады. 

Президент «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған Тараз қаласындағы № 54 орта мектепте болды. Нұрсұлтан Назарбаев компьютерлік сыныпты, ойын бөлмесін, спорт залды, асхананы аралады. Ұжыммен сөйлесу барысында Мемлекет басшысы мектепке екі автобусты сыйға тартты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар