Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 желтоқсан 2011
Мемлекет басшысының атына қазақстандықтардан өз қуаныштары мен проблемаларын бөліскен, мемлекеттік мерекемен құттықтаған, Ұлт Көшбасшысының Қазақстанды гүлдендіруге, тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған көрнекті қызметін атап өткен хаттар күн сайын толассыз келіп түсуде.

Мұндай мазмұндағы хат жас қазақстандық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Зияткерлік мектебінің түлегі Бекет Төлегеновтен келді.

«2010 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Зияткерлік мектебінің үздік түлегі ретінде мен Сізбен кездесуге қатысу құрметіне ие болдым. Әңгімелесу барысында мен ғарыш инженері болуды армайтынымды және Қазақстан әлемдегі ғарыштық державалардың бірі болуы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырысатынымды айттым. Оған жауап ретінде мен Сіздің әкелік батаңызды алып, өз арманымның орындалуын тілеген ыстық ықыласыңызға ие болдым», - делінген хатта.

Автор мектепте алған білімі мен «Болашақ» бағдарламасының арқасында өзінің АҚШ-тың НАСА, ӘӘК мен ӘТК үшін аэроғарыштық сала мамандарын даярлайтын «Embry-Riddle Aeronautical University» ертеден келе жатқан мамандандырылған американдық университеттің бірінші курсына түскенін атап өткен.

Бекет осы университетте білім алатын алғашқы қазақстандық ретінде өз Отанын лайықты көрсете білуде. Ол студенттерге өзінің елін таныстыру кезінде тәуелсіз Қазақстанның орасан жетістіктері, оның ежелгі тарихы, елде салтанат құрған достық, бейбітшілік пен келісімнің қазіргі ахуалы туралы тереңірек айтып берген.

Бекет Төлегенов Елбасымен алғашқы кездесуінде Ұлт Көшбасшысы айтқан мына бір сөздер мәңгілік көкейінде сақталып қалғанын жазады: «Президент уақыт тынысын сезінуі тиіс, ал дәл сендердей, жастардай уақыт тынысын ешкім сезіне алмайды». Менің қызметімнің күрделігі сонда, мен әрқашан да алда жүріп, идеялардың бастамашы болып және оны жүзеге асыруға тиіспін. Бұл менің борышым әрі міндетім». Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұндай өмірлік ұстанымы жас қазақстандықтар үшін зор адамгершілік бағдарға айналды.

«Мен өз Отанымды, өз халқымды және оның Көшбашысын мақтан етемін! Мен қол жеткізген жетістіктер әрбір қазақстандықтың өз жоспарын іске асыруына бағытталған мемлекеттік саясаттың нәтижесінде мүмкін болды. Отанымыз – Қазақстан Республикасының одан әрі гүлденуі үшін барлық қолымнан келгенін жасаймын деп Сізді сендіремін. Мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Зияткерлік мектебінің барлық түлектері және «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары сияқты өзімді Сіздің командаңыздамын деп санаймын!», - делінген Б. Төлегеновтың хатында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар