Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 желтоқсан 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында Астана әкімдігі өткізген Жаңа жылдық кешке қатысты.

 

Мемлекет басшысы кешке қатысушыларды келе жатқан Жаңа 2010 жылмен құттықтады. 

 

Президент әлемдік дағдарыстың ықпалына қарамастан 2009 жыл Қазақстан үшін қолайлы болғанын атап өтті. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде экономиканың әртүрлі салаларында 170 жоба жүзеге асырылды. «Жол картасы» аясында 400 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, мыңдаған шақырым жол жөндеуден өткізілді, мыңдаған мектеп пен аурухана, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

 

Келе жатқан жыл маңызды оқиғаларға толы болады. Қазақстан алдағы жылы ЕҚЫҰ-на төраға болады, еліміздің инновациялық-технологиялық дамуының алғашқы бес жылдық жоспарын жүзеге асыру басталады. Бірінші қаңтардан бастап үш елдің – Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кедендік одағы туралы келісім күшіне енеді. Келесі жылы Қазақстан Конституциясының 15 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы салтанатты түрде атап өтіледі. 

 

Президент қазақстандықтарды алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, табыс, бақыт және отбасына құт-береке тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар