
1960 жылы туған.
1983 жылы Гумбольдт атындағы Берлин университетін бітірген.
1983-1986 жылдары – Алматы педагогикалық шетел тілдері институтында оқытушы.
1986-1992 жылдары – Морис Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық шетел тілдері институтында аспирант, зерттеуші-стажер.
1992-1994 жылдары – жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің кеңесшісі.
1994-1996 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Аппараты Халықаралық бөлімінің аға референті.
1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінде бірінші хатшы, кеңесші.
1997-2001 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінде кеңесші.
2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің экономикалық саясат департаментінің директоры.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасының Майндағы Франкфурт қаласында бас консул.
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегі комитетінің төрағасы, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы тарапынан ұлттық үйлестіруші.
2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Дания Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы.
2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2019 жылғы 21 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалды.
«Құрмет» (2006), «Парасат» (2011) ордендерімен және 5 медальмен марапатталған.
Төтенше және Өкілетті Елші дәрежесіне ие.
Филология ғылымдарының кандидаты. Неміс, швед, ағылшын тілдерін меңгерген.
Үйленген, екі баласы бар.