Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі

Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:

 1. Әкімшіліктің құпия іс қағаздарын жүргізуді және құпия құжаттары мен істерін мұрағаттық ұйымдастыру, сондай-ақ Президенттің, Мемлекеттік хатшының және Әкімшілік басшылығының құпия актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзімін бақылауды қамтамасыз ету;

 2. Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ Әкімшіліктегі рұқсаттамалық және ішкіобъектілік режимді үйлестіру;

3. Әкімшілікте ақпараттық технологияларды енгізу және электронды ресурстарды техникалық қорғауды ұйымдастыру.


Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау

бөлімінің меңгерушісі

ТІЛЕУБЕКОВ Ғани Өтенұлы

1960 жылы Жамбыл облысында туған.

1987 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.     

1977 жылдан 1997 жылға дейін түрлі жауапты қызметтер атқарды.

1997 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің аға маманы болып қызмет атқарған.

2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің референті.

2002 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің аға референті.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі.

2004 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі Жалпы бөлімінің сектор меңгерушісі.

2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі Ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің сектор меңгерушісі.

2005-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008 жылы Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қазақ, орыс және неміс тілдерін меңгерген.

Үйленген, ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.

«Айбын» және «Парасат» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», КСРО Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен, 21 мерейтойлық және естелік медальдарымен марапатталған.

Жауынгер - ауғандық.


 
 Құрылымдық бөлімшелер