Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің негізгі міндеттері:

1.  Президенттің әлеуметтік-экономикалық саясат жөніндігі өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.

2. Президенттің Үкімет пен орталық атқарушы органдарға қатысты өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.

3. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi) қатысты оның өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.

4. Президент және Президент Әкімшілігі басшылығының өзге де өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.


Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі

МҰҚАНОВ Мақсат Нұрдәулетұлы 

1967 жылы Алматы қаласында туған.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогикалық  университетін (1991 жылы)  және  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы МБҰЖМ (1996-1997 жылдары) мемлекеттік басқару мамандығы бойынша тәмамдады.

1991-1993 жылдары – Алматы облысындағы орта мектептің  мұғалімі.

1993-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы ХСЭЫ, Қазақстан Республикасы  өнеркәсіп және сауда министрінің көмекшісі.

1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар  бойынша агенттігінің бас сарапшы, бөлім бастығы, ұлттық даму стратегиясы басқармасы бастығының  орынбасары.

1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің сектор меңгерушісі, Талдау орталығы меңгерушісінің  орынбасары.

2002-2003 жылдары – ҚР Экономика министрлігі Экономикалық зерттеулер институты бас директордың орынбасары, бірінші орынбасары.

2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің  орынбасары.

2006-2008 жылдары – «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, корпоративті хатшы, Басқарушы директор.

2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Стратегиялық  әзірлемелер және талдау орталығының  меңгерушісі.

2011-2016 жылдары – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы.

2016-2017 жылдары – «Астананың халықаралық ғылыми кешені» ЖМ директоры.

2016 жылғы қарашадан 2017 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2017-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.


 
 Құрылымдық бөлімшелер