Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының міндеттері мен функциялары:

Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігі саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету

  1. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша, соның ішінде Президентке Қазақстан Республикасының қауіпсіздігінің жай-күйі туралы жылсайынғы баяндамасына материалдар дайындау;
  2. мемлекеттік органдардың мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруына, Президенттің актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік Кеңесі отырыстары хаттамаларының орындалуына, соның ішінде тексеру жүргізу арқылы,  бақылауды жүзеге асыру.

Өзге де Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету

  1. елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жылсайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының жобасын дайындауға қатысу;
  2. жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау, азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
  3. Президент, Әкімшілік Басшысы мен Президент көмекшісі Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы және (немесе) Әкімшілік Басшылығы айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі

ТӘҢІРБЕРГЕН Саидмұрат Бапанұлы

1956 жылы туған.

1979  жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Экспорттық бақылау (АҚШ), транзиттік экономика (Жапония), әскери доктрина (Ұлыбритания), халықаралық гуманитарлық құқық (Швейцария), бітімгерлік (АҚШ) жөніндегі оқу-семинарларынан өткен.

1979-1992 жылдары «Ремстройтехника» бірлестігінде, «Уран»ғылыми-өндірістік бірлестігінде, Қазақ политехникалық институтында, арматура технологиясы бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтында, «КЭМПО» қорғаныс  өнеркәсібі корпорациясында жұмыс істеді.  

1992-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының экономика жөніндегі Мемлекеттік комитетінде әскери бағдарламалар бөлімінің бастығы, Экономика министрлігінің қорғаныс өнеркәсібі экономикасы басқармасының бастығы, Экономика министрлігі жанындағы мемлекеттік сатып алулар агенттігінің директоры, Экономика және сауда министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар департаментінің директоры.

1997-1999 жылдары – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Экономикалық саясат және арнаулы бағдарламалар департаменті директорының орынбасары, директоры.

1999-2002 жылдары – Қорғаныс министрлігінің Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бастығы.

2002-2015 жылдары – Қауіпсіздік кеңесінің сектор меңгерушісі, сыртқы және әскери қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Хатшылық меңгерушісінің орынбасары.

2015 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

«Құрмет» (2010) орденімен, Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2003) медалімен, ҰҚШҰ құрмет грамотасымен (2012), мерейтойлық және ведомстволық 11 медальмен, ҚР Президенті Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төс белгісімен (2014) марапатталған.


 
 Құрылымдық бөлімшелер