Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы қызметінің негізгі міндеттері:

1Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету

  • Мемлекеттік органдардың қарамағындағы ақпараттық деректер базаларына қосу және Қауіпсіздік Кеңесінің деректер базасы үшін ақпараттарды алу үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
  • Ахуалдық орталықтың ақпараттық жүйесі мен Қауіпсіздік Кеңесінің деректер базасын құру, әкімшілік ету және сүйемелдеу;
  • келіп түскен ақпараттарды жинақтау, жүйелеу және сақтау.

2. Елдегі және әлемдегі неғұрлым маңызды оқиғалар туралы мониторинг жасау және ақпараттар дайындау

  • Ашық дереккөздерін пайдалана отырып, мониторинг жасау және ақпараттар жинау;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінен, Президенттің Күзет қызметінен, Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Әділет, Қаржы министрліктерінен, Президент күзеті қызметінен, Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасынан, Бас прокуратурадан, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен (қаржы полициясы) және тағы да басқа мемлекеттік органдардан келіп түсетін мәліметтерді өңдеу;
  • Шығару үшін қажетті бейнеақпаратты іріктеу, жазу және редакциялау;
  • Таңғы ақпараттық жинақтарды және әр түрлі дайджесттерді дайындау және жасау;
  • Ашық дереккөздерінен жиналатын және ведомстволардан келіп түсетін, соның ішінде төтенше жағдайлар – дағдарысты жағдайлардағы,  ақпараттарды жүйелеу және оларды Ахуалдық бөлімінің деректер базасына сақтау.

3. Мемлекеттік қауіпсіздік саласындағы ақпараттық-аналитикалық материалдарды талдау және әзірлеу

  • Ақпараттарды ұсыну бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
  • Елдегі және әлемдегі неғұрлым маңызды оқиғалар туралы ақпараттарды жинау, жүйелеу және талдау;
  • Ұлттық қауіпсіздік саласындағы талдамалық шолуларды, жазбахаттарды және ақпараттық-талдамалық құжаттарды дайындау.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің

Ахуалдық орталығының меңгерушісі

АБДАҚАСОВ​ Ерлан Сатыбайұлы 

1981 жылы 26 қаңтарда туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.

2003 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы және 2007 жылы «Болашақ» Қарағанды өзекті білім институтын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Қарағанды облысы әкімінің аппаратында заңгер болып бастады.

2006-2007 жылдары Әділет министрлігінің Дін істері комитетінде жетекші маман және бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2007-2014 жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығында сарапшы, бас сарапшы, консультант, сектор меңгерушісі болып қызмет етті.

2014 жылы қаңтар-қазан аралығында Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2014 жылғы қазаннан 2016 жылғы қарашаға дейін – Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016 жылғы қарашадан бастап – Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, мерейтойлық медалдармен марапатталған.


 
 Құрылымдық бөлімшелер