Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің

Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі

ҚҰРМАНБАЕВ Бақыт Жанұзақұлы

 

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі

1970 жылғы 21 қыркүйекте Өскемен қаласында туған.

Білімі – жоғары. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін, 2005 жылы Ресей Федерациясының Құрылық әскерлерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясын, 2008 жылы Ресей Федерациясының Қарулы Күштері·Бас штабының Әскери академиясы Жоғарғы академиялық курстарын тәмамдаған.

1987-1988 жылдары – ДЭУ-228 жұмысшысы.

1991-1993 жылдары – Алматы қаласы орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі.

1993-2003 жылдары – Ұшыру қондырғысы взводының командирі, зениттік зымыран батареясының командирі, зениттік зымыран полкі командирінің қару-жарақ бойынша орынбасары – техникалық бөлімнің бастығы.

2003-2005 жылдары – Әскери·академияның тыңдарманы.

2005-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар басшыларының комитеті Департаментінің аға офицері, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы.

2010-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Департамент бастығының орынбасары, бастығы.

2017 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі.

Әскери атағы – генерал-майор. 2-дәрежелі «Айбын» орденімен (2007) және түрлі медальдармен марапатталған.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.


 
 Құрылымдық бөлімшелер