Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі

БЕКЖІГІТОВ Русланбек Кеңесбекұлы

1971 жылы туған.

1989 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы Әскери мектепті, 1994 жылы А.Ф.Можайский атындағы Әскери инженерлік-ғарыш академиясын, 2002 жылы «Әділет» Жоғары құқық мектебі – Заң академиясын бітірген.

1994-1999 жылдары Әскери-әуе күштерінің әскери бөлімшелерінде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімдерінде қорғаныс және құқықтық тәртіп жөніндегі жауапты қызметкер.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында жұмыс істеді.

2015 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2015), 13 мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.


 
 Құрылымдық бөлімшелер