Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің негізгі қызметі:

  1. Қазақстан Республикасының Президентін, Қауіпсіздік Кеңесін ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
  2. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізуге қатысу;
  3. Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссия отырыстарын өткізуге қатысу;
  4. Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің қызметін қамтамасыз ету;
  5. Сыртқы және ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми ұйымдарымен өзара байланыс орнату.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің меңгерушісі

СУХАНОВ Александр Владимирович

1976 жылғы 15 қыркүйекте туған.

1997 жылы Менеджмент, мәдениет және кәсіпкерлік институтын «менеджер-экономист» мамандығы бойынша бітірді, 2001 жылы «Әділет» жоғары заң мектебінде оқуды бітірген.

2012 жылы қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде ҚР Президентінің баспасөз қызметінің инспекторы, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген.

2018 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.


 
 Құрылымдық бөлімшелер