Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігі

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігі қызметінің негізгі міндеттері:

1. Президенттің құқықтық саясат саласындағы өкілеттіктерін Парламенттегі заң шығару үдерісінің барлық сатыларында іске асырылуын қамтамасыз ету;

2. Президенттің Парламентке қатысты  өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету;

3.  Президенттің өзге де өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.


Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан

Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің басшысы

НҰРПЕЙІСОВ Қайрат Айтмұхамбетұлы

1957 жылы Павлодар облысында туған.

1979 жылы Павлодар педагогикалық институтын, 1986 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын бітірген.

1982-1990 жылдары – Павлодар облыстық қаржы басқармасында аға экономист, аға ревизор-инспектор, бөлім бастығының орынбасары.

1990-1996 жылдары – Павлодар облысы бойынша салық инспекциясы бастығының орынбасары, бастығы.

1996-1997 жылдары – Павлодар облысының салық басқармасының бастығы.

1997-1998 жылдары – Павлодар облысы бойынша салық комитетінің төрағасы.

1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс вице-министрі.

2003 жылғы наурыз – маусым аралығында Павлодар қаласының әкімі.

2003-2008 жылдары – Павлодар облысының әкімі.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2009-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Сенаты аппаратының басшысы.

2013 жылғы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі  Өкілдігінің  басшысы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2005), үш медальмен марапатталған.


 
 Құрылымдық бөлімшелер