Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколы

Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Президент Протоколының негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Президенті мен Бірінші ханымының шет елдерге сапарларын және еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарларын, сондай-ақ басқа да мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды дайындау және өткізу;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің және Бірінші ханымның шетелдік сапарларын хаттамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы Президенті мен Бірінші ханымның қатысуымен іс-шараларды дайындауда және өткізуде протоколдық-ұйымдастырушылық мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру;
  • шет мемлекеттер басшыларының қызметін хаттамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық тәжірибелерді талдау негізінде хаттамалық және ұйымдастырушылық жұмыстарды жетілдіру;
  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң шетел мемлекеттері мен үкiметтерінің  басшыларына, халықаралық ұйымдар мен шетелдiк компаниялардың жетекшілеріне жолдауларды әзірлеу және жолдау. 

Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы

АТАМҚҰЛОВ Мәди Бәкірұлы

1974 жылы туған.

Білімі – жоғары. Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-металлург, халықаралық қатынастар магистрі.

Бірінші сыныпты кеңесші дипломатиялық рангіне ие.

Мемлекеттік емес секторда түрлі лауазымдар атқарды, Сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, министрліктің Мемлекеттік протокол қызметі Шефінің орынбасары, Мемлекеттік протокол қызметінің Шефі лауазымдарында қызмет етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппарат басшысының орынбасары болды.

Мерейтойлық үш медальмен марапатталған. 


 
 Құрылымдық бөлімшелер