Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі

Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

  • жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың әкімдеріне қатысты және  өңірлік саясат саласындағы Президенттің өкілеттіктерін іске асыруды  қамтамасыз ету;
  • Президенттің Үкіметке және орталық мемлекеттік органдарға, Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкілеттіктерін іске асыруды  қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы

бөлімінің меңгерушісі

САУРАНБАЕВ Нұрлан Ермекұлы 

 

1967 жылы Жамбыл облысында туған.

1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және 2002 жылы «ЭНИ-АДЖИП» мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Милан, Италия) оқып бітірген.

1991-1997 жылдары – «Еңбек» ЖШС директоры.

1997-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Кәсіпқорлар конгресінің атқарушы директоры.

1998-2000 жылдары – «Қазақстан темір жолы» РМК департамент директоры.

2000-2001 жылдары – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ бірінші вице-президенті.

2001-2002 жылдары – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясы» ЖАҚ реконструкция жобасын басқару бойынша топтың басшысы, бас менеджері.

2002-2004 жылдары – ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ Инжиринг және сервистік қызмет көрсету жобаларын басқару департаментінің директоры.

2004-2007 жылдары – «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры;

2007-2010 жылдары – ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры.

2010-2011 жылдары – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі.

2011 жылғы қаңтар-мамыр – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры.

2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары.

2016-2017 жылдары – Халықаралық «ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы, штаб төрағасының орынбасары.

2017-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімі.

2019 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 


 
 Құрылымдық бөлімшелер