Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі

Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімнiң негізгі мiндеттерi:

1. Президенттің кадр саясаты саласындағы өкілеттігін іске асыруды  қамтамасыз ету

  • Қазақстан Республикасындағы кадр саясаты жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • Президенттің кадр саясатын іске асыру жөніндегі  мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіру және қызметіне бақылау жасау;
  • мемлекеттік саяси қызметшілердің кадр резервін жасақтау жөніндегі қызметті үйлестіру;
  • Президент тағайындайтын және онымен келісілетін лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты мәселелерді шешуді ұйымдастыру, мемлекеттік саяси қызметшілер мен Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды тұлғаларын Әкімшілікте қызметке тағайындау және қызметтен босатуды келісу рәсімін жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; олардың жеке істерін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету, қызметтік куәліктер беру; Әкімшілікте кандидатураларды келісудің нәтижелері туралы мемлекеттік органдарды хабардар ету;
  • мемлекеттік қызмет және кадр саясаты мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу және нормативтік және құқықтық актілердің, оның ішінде бағдарламалық құжаттардың, стратегиялық жоспарлардың, олар бойынша сараптау қорытындыларының жобаларын дайындау;
  • мемлекеттің кадр саясаты саласындағы істің жай-күйіне жүйелі талдау жасау және мониторинг жүргiзу, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

2. Президенттің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға қатысты уәкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету

  • мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органдар қызметінің тиімділігін бағалауды және белгіленген тәртіппен оны жүргізуді қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізу;
  • мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметін үйлестіру және бақылау;

3. Әкімшіліктің кадр жұмысы саласындағы қызметін қамтамасыз ету

  • Әкімшілік қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату жөніндегі материалдарды ресімдеу; қызметтік куәліктер беру; жеке істері мен еңбек кітапшаларын жүргізу, олардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • Әкімшілік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • Президент және Әкімшіліктің басшылығы айқындайтын өзге де функцияларды орындау.

Мемлекеттік қызмет  және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі

ДӘУЕШОВ Марат Еркінұлы

1971 жылы Ақмола облысының Степногорск қаласында туған. Ұлты – қазақ. А.Н.Туполев атындағы Қазан мемлекеттік техникалық университетін және Орталық Азия университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1993-1997 жылдары Мәскеу қаласында «ВЛАД» ЖШҚ бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

1997-1998 жылдары Ақмола облысы әкімінің Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі департаментінің бас маманы, 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадрлармен жұмыс жөніндегі департаментінің бас маманы болып қызмет етті.

2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Президент Кеңсесінің сектор меңгерушісі, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының Кадр саясаты бөлімінде консультант, бас сарапшы, бас инспектор, Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2011 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі.

«Құрмет» орденімен (2013), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2003), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен (2008) және «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен (2014) марапатталған.


 
 Құрылымдық бөлімшелер