Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы

Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы қызметінің негізгі бағыттары:

1.  Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі мәселелері бойынша Президент өкілеттіктерінің іске асырылуын қамтамасыз ету

- елдің бәсекеге қабілеттілігіне кешенді мониторинг жүргізуді үйлестіру, сондай-ақ Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі мәселелері бойынша проблемаларды талдау және ұсынымдар тұжырымдау;

- ұсыныстар тұжырымдаумен әлемдік экономикадағы ахуал мен үрдістерді мониторингілеу және талдау;

2. Президент пен Әкімшіліктің мемлекеттік жоспарлау жүйесі мәселелері бойынша өкілеттіктерінің іске асырылуын қамтамасыз ету

- «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының, Қазақстан Республикасының 10-жылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарларының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылуын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың Президенттің, Әкімшілік басшылығының актілері мен тапсырмаларын орындауын бақылау;

- Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының әзірленуін үйлестіру және орындалуына мониторинг;

- мемлекеттік жоспарлау жүйесін дамытуға мониторинг және үйлестіру, сондай-ақ оны талдау және жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

- стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысы туралы жыл сайынғы баяндамаларды дайындау;

3. Президент пен Әкімшіліктің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өкілеттіктерінің іске асырылуын қамтамасыз ету

- мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға мониторинг және үйлестіру, сондай-ақ оны талдау және жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

- ұсыныстар тұжырымдаумен әлемдегі ахуалды және мемлекеттік басқару саласындағы үрдістерді талдау;

4. Президент пен Әкімшіліктің мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселелері бойынша өкілеттіктерінің іске асырылуын қамтамасыз ету

- мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесіне мониторинг және оны дамытуды үйлестіру, оны жетілдіру бойынша талдау мен ұсыныстар тұжырымдау;

- мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерге мониторинг және оның дамуын үйлестіру, сондай-ақ оның сапасын арттыру бойынша талдау мен ұсыныстар тұжырымдау;

- мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін әдіснамалық сүйемелдеу.


Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі

ҚҰЛСЕЙІТОВ Айдын Жеңісұлы

1976 жылы Өскемен қаласында туған.

1997 жылы – Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін; 2004 жылы – Қазақтан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған.

Техника ғылымдарының кандидаты.

1996-2000 жылдары – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2000-2003 жылдары – Өскемен қаласының Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының Индустрия және экология бөлімінің бас маманы, бастығы.

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы.

2004-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, Өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, Индустриалдық  саясат департаментінің директоры, Хатшылық – Стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2009-2014 жылдары – «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасы (қайта ұйымдастырудан кейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»).

2014-2017 жылдары – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның басқарма төрағасы.

2017 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2014).

 

 
 Құрылымдық бөлімшелер