Жалпы бөлім

Жалпы бөлім Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлiмшесі болып табылады.

Бөлімнің міндеттері мен функциялары мыналар болып табылады:

1. Әкімшіліктің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісін ұйымдастыру мен жетілдірудегі  жұмысын үйлестіру;

  • ағымдағы іс жүргізуді және мемлекеттік тілдің  іс жүргізудегі қолданыс аясын кеңейту, электрондық құжат айналымын дамыту, Әкімшілікке келіп түсетін хат-хабарды жүйелеу мен оңтайландыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • Президенттің, Мемлекеттік хатшының және Әкімшілік Басшысының қол қоюына енгізілетін актілерге редакциялық сараптама жасау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарын және Президент қол қойған актілерді, Мемлекеттік хатшының өкімдерін, Әкімшілік Басшысының негізгі қызмет бойынша бұйрықтарын тіркеу, оларды тиісінше ресімдеу мен жіберуді, қажет кезінде – жариялауды, Президент алғыстарының мәтіндерін ресімдеуді,  олардың тапсырылуын есепке алуды қамтамасыз етеді;
  • Президенттің нормативтік құқықтық жарлықтары мен Әкімшілік Басшысының бұйрықтарына мониторинг жасау;
  • Президент пен оның Әкімшілігі өткізетін форумдарда, кеңестер мен өзге де іс-шараларда сөйленетін сөздерге ілеспе аударманы қамтамасыз ету, олардың дәлжазбаларын таратып жазу т.б.;

2. Президенттің, Мемлекеттік хатшының, Әкімшілік Басшысының және оның орынбасарларының, Президенттің кеңесшілері мен көмекшілерінің, Президент Кеңсесі бастығының (бұдан әрі  – Әкімшілік басшылығының) құпия емес актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау;

  • Президентті және Әкімшілік басшылығын актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы, Әкімшіліктің жылдық жоспарының орындалу нәтижелері туралы хабардар ету;
  • Президенттің, Мемлекеттік хатшының және Әкімшілік Басшылығының актілері мен тапсырмаларын Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орындауына, Президенттің актілері мен тапсырмаларын іске асыру  жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасауына бақылауды жүзеге асыру; 
  • Әкімшіліктің  құжаттарымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелерді Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың  сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
  • Президенттің  және  Әкімшіліктің  актілері мен тапсырмаларын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың орындау сапасын бағалау нәтижелері туралы сарапшылық қорытынды түзу;
  • құрылымдық бөлімшелер қызметінің «Мемлекет басшысының, Әкімшілік басшылығының актілері мен тапсырмаларын бақылау», «Жұмыс жоспарларын уақытында және сапалы орындау» және «Құжаттармен жұмысты ұйымдастыру» бағыттары бойынша тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды дайындау;

3. Әкімшілікте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі Әкімшілік қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;

  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін алдын ала қарау, оларды Әкімшіліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне құзыретіне қарай жолдау және оларды Әкімшіліктің лауазымды адамдарының уақытында қарауын қамтамасыз ету;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тиісті мемлекеттік органдарға құзыретіне қарай жолдау және олардың уақытында әрі сапалы қаралуын қамтамасыз ету;
  • Президент пен  Әкімшіліктің  атына келіп  түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, жүйелеу және талдау жасау, олардың жедел қарауды, сондай-ақ олар бойынша берілген тапсырмалардың толық әрі уақытында орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру;
  • Әкімшілік басшылығының азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауының  тоқсан сайынғы кестелерін жасау және қабылдауын ұйымдастыру;
  • Әкімшіліктің лауазымды адамдарының азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауының  тоқсан сайынғы кестелерін жасау және қабылдауын ұйымдастыру.

Жалпы бөлімінің меңгерушісі

ТЕМІРБОЛАТ Бақытжан Берікбайұлы

1972 жылғы 10 желтоқсанда туған.

1998 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірді.

1998-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері.

2000-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қоғамдық-саяси бөлімінің консультанты, Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Ақпараттық-талдау орталығының бас инспекторы.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас инспекторы.

2007-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Кеңсесі бастығының орынбасары.

2018 жылғы ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» (2009), «Парасат» (2016) ордендерімен, мерейтойлық медалдармен наградталды.

Саясат ғылымдарының кандидаты. 


 
 Құрылымдық бөлімшелер