Бөлімдер санаты

Нормативтiк құқықтық актiлер

Жарлықтар
24 шілде 2012
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

 

Бақытжан Ордабаев Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

*  *  *

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Ордабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметінен босатылды.


Барлық нормативтік құқықтық актілер
 
Другие указы
Все указы