National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

2021 жылғы 22 қазан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның экономикалық өсім қарқыны, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен басқа да өзекті мәселелер туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының қайта қалпына келу үдерісі қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсімі 3,4 пайызды құрады. Дер кезінде дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың арқасында экономика қайта қалпына келді.

Асқар Маминнің мәліметіне сәйкес нақты сектордағы тұрақты өсім 3,5 пайызға өсті, сондай-ақ карантин шектеулерін жеңілдету нәтижесінде қызмет көрсету секторының біртіндеп қалпына келуі экономиканың қайта өсуін үдетті. Бұл ретте, өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 5,7 пайызға артты. Құрылыс саласы 9,7 пайызға ұлғайды. Елімізде 9 айдың ішінде 10,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8 пайызға жоғары.

Премьер-Министр Мемлекет басшысына әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен Инфляцияға қарсы іс-қимыл шараларының жүзеге асырылуы жөнінде айтты.

Үкімет агроөнеркәсіп кешені секторында құн қалыптастырудың барлық тізбегі бойынша бағаны тұрақтандыру, сауда желілері мен отандық тауар өндірушілері арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау, тауар айналымын қаржыландыруды көбейту және тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алуды арттыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің сауда үстемесін жоғарылату фактілеріне жол бермеу шараларын қабылдап жатыр.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жөнінде ақпарат берілді. Қазіргі таңда барлық аймақтарда коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеген, ауыр науқастардың, стационарларда және амбулаторлық ем қабылдап жатқандардың саны азайған. Вирустың таралу индексі – 0,96. Жұқпалы ауруханалардың 37 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 31 пайызында науқастар ем алып жатыр. 8,1 миллион адам екпенің бірінші компонентін, 7,2 миллион адам екінші компонентін алған.

Асқар Мамин Президентке сыртқы және ішкі инвестициялардың көлемін арттыру, шағын және орта бизнестің әлеуетін ұлғайту, аймақтарды өркендету, өңдеуші секторды дамыту және кеңейту есебінен экономиканың құрылымдарын одан әрі әртараптандыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері бойынша баяндады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 07 желтоқсан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

2021 жылғы 08 желтоқсан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

Жарлық

2021 жылғы 24 қараша

Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің