Жаңалықтар

6 мамыр 2013
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

 

Комиссия отырысында Қазақстан азаматтығын алғысы келетін адамдардың өтініштері қаралды. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін екі жүзден астам адам Қазақстан Республикасының толық құқылы азаматы атанады.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Қазақстанның азаматтық институтының халықаралық беделі жыл өткен сайын артып келе жатқанын атап өтті. Осының барлығы Мемлекет басшысының терең байыпталған ұлтаралық, конфессияаралық және қоғамдық келісімге негізделген саясатының арқасында мүмкін болып отыр. Біздің республикамыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-қоғамдық дамуындағы жетістіктері тек шет елдерде тұратын этникалық қазақтар үшін ғана тартымды болып отырған жоқ. Жақын және алыс шетелдердің өкілдері де тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп, жарқын болашағына негіз қалағысы келеді.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар