Жаңалықтар

10 қазан 2012
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті

 

- Елбасымыздың әлденеше рет қатаң ескертуіне қарамастан еліміздегі жемқорлық деңгейінің төмендеуі өте баяу жүруде. Ол, әсіресе, кеден органдарында ерекше көрініс табуда. Атап айтқанда осы органда сыбайластық жүйесі тұтас бір индустриялық деңгейге жеткен.  2010 жылдан бері бұл саланың 192 қызметкеріне қылмыстық іс қозғалса да кеден жүйесіндегі жемқорлық одан әрі өршімесе, кемитін түрі жоқ. Кеден одағына кіруге орай мұндағы жағымсыз жағдайлар одан әрі күшейе түскен. Сондықтан осыған байланысты барлық мәселелер мемлекеттің қатаң бақылауында болуы тиіс, - деп атап өтті М.Құл-Мұхаммед өз сөзінде.  

Отырыс барысында сөйлеушілер кеден саласындағы орын алған сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы өткір де ашық пікірлер айтты, сондай-ақ БҰҰ рейтингінде жоспарлы түрде жоғарылатуға жеткізетін Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметінің» дамуына тиісті алғышарттар  берілгенін атап өтті.

Отырыста: Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Әбіқаевтың, Кедендік бақылау комитетінің төрағасы М.Есенбаевтың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековтің, Бас прокурор А.Дауылбаевтың, сонымен қатар бірқатар министрліктер мен мекемелердің басшыларының есептері тындалды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар