Ақорда бойынша жолнұсқағыш

AKORDA.KZ сайтына қош келдіңіз!

Портал Қазақстан Республикасы Президентінің Ресми сайтын және Нұрсұлтан Назарбаевтың дербес парақшасын қамтиды.

Ресми сайтта Мемлекет басшысының қызметі туралы толық ақпарат бар.

Қазақстан Республикасы бөлімінде біздің еліміз, оның жаңа елордасы Астана, Ақорда сарайы туралы мәліметтер, сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны орналастырылған.

Ресми құжаттар бөлімінде ҚР Конституциясы, Конституциялық Заңдар, халықаралық құжаттар, сондай-ақ, мемлекет дамуының стратегиялық бағдарламалары  жинақталған. Олар – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы, 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар, Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, Саламатты Қазақстан және т.б. бағдарламалар.

Мемлекеттік рәміздер бөлімінде Қазақстан Республикасы Елтаңбасының, Туының және Әнұранының сипаттамалары берілген. Оған қоса, сол жерден Әнұранның мәтінімен және нотасымен танысуға, оны тыңдауға немесе mp3 форматында жүктеуге болады.

Жоғарғы тік сілтемеден ресурс қонақтары ҚР Мемлекеттік хатшысының өмірбаянымен және қызметімен, Президент Әкімшілігінің жұмысымен таныса алады. БАҚ өкілдеріне қолайлы болуы үшін  бұл сілтемеде Баспасөз қызметі атты арнаулы айдар жасалған, онда журналистер үшін қажетті ақпарат ұсынылады. Президенттің бизнесті қорғауы бөлімі кәсіпкерлердің Мемлекет басшысына тікелей хат-хабар жолдауына арналған.

Сонымен қатар, басты бетте жаңалықтар, Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөздері және қол қойылған Заңдар, Жарлықтар, тағайындаулар мен өкімдер берілген.

Барша портал қонақтарын сөзсіз қызықтыратын сайттағы маңызды және заманға сай мультимедиялық тың жаңалық – Қазақстан, Астана және Ақорда резиденциясы бойынша жасалған бірқатар бейне-турлар (бейне-саяхаттар). Роликтерде еліміздің өңірлерінің, Астана мен Алматы қалаларының негізгі көрнекі орындары көрсетілген. Отанымыздың жаңа елордасының келбетін Астана бойынша жасалған бейне турдан егжей-тегжейлі көруге болады. Фильм Қазақстанның бас қаласының барша кереметін, асқан әдемілігі мен айбынын ашып көрсетеді. Жаңа ракурстар мен тың түсіру техникасының арқасында бейне-тур елорда тұрғындары үшін де, ешқашан Астанада болмаған жандар үшін де қызғылықты болмақ. Ақорда сарайы бойынша жасалған бейне-тур Мемлекет басшысының резиденциясын аралап шығудың бірегей мүмкіндігін береді. Көрермен назарына сарайдың басты холы, кездесулер, кеңестер және қабылдаулар өтетін негізгі залдар, сондай-ақ Қазақстан Президенті  кабинетінің көрінісі ұсынылған.   

Ресми сайттың ең төменгі сітемесінде Ұлттық жобалар орналастырылған. Бөлім Қазақстанның мақтаныш тұтатын жетістіктеріне арналған. Олар: VII Қысқы Азия ойындарының табысты өткізілуі, ЕҚЫҰ және ИЫҰ төрағалықтары, Қазақстан халқы Ассамблеясы және т.б.

Дербес парақша Мемлекет басшысына қатысты фотосуреттердің, аудио  және бейнематериалдардың бірегей жиынтығынан, мақалалар мен кітаптардан тұрады. Фотоальбомдарда Президенттің әртүрлі жастағы және түрлі кезеңдердег бейнесі: жастық шақтағы – оқудағы, кемел кездегі – жұмыстағы, от басындағы және демалыс сәттеріндегі кадрлары іріктеліп алынған.

Дербес парақша басты үш категория бойынша бөлінген: «Тұңғыш Президент феномені», «Ерекше тұлғалық болмысы» және «Көпшілік назарында».

Тұңғыш Президент феномені бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы, жастық шағы және саяси қайраткер ретінде кемелдену кезеңдері туралы өмірбаяндық очерктер, Президенттік билік рәміздерінің, атақтары мен марапаттарының  сипаттамалары және фотосуреттері берілген. Сонымен қатар, бөлім Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаттағы форумдарда, Қазақстан бойынша жұмыс сапарларында әлемдік көшбасшылармен және  азаматтармен кездесу сәттеріндегі фотосуреттерін қамтиды. Тұлғаның бірегей қырлары бөлімі Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінің алуан түрлі жақтарын бейнелейді. Ел Президенті Қазақстанның жаңа елордасы Астананың бас сәулеткері болып саналады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өзінің сүйікті істеріне – кітап оқуға, спортқа, музыкаға, табиғат аясында болуға да уақыт бөледі. Бұл категорияда, сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлығымен шыққан кітаптар, мақалалар, дәйексөздер, тіпті әндеріне дейін берілген. 

Еліміздің қалыптасу тарихы Қазақстан Президентімен ажырағысыз байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген сындарлы саясат нәтижесінде республика қысқа мерзім ішінде дамыған нарықтық экономикасы бар өсіп-өркендеген мемлекетке, халықаралық сахнада өз орны бар салмақты және жауапты ойыншыға айналды. Баршаның назарында айдарында Мемлекет басшысының бейнесұхбаттары, Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмдер, мақалалар және кітаптар жинақталған. Тәуелсіздіктің барлық жылдары барысындағы ел Президентімен байланысты негізгі іс-шаралар Қайраткерлік хроникасында көрініс тапқан.

Соңғы жылдары Мемлекет басшысы бірқатар білім беру жобаларын да жүзеге асырып келеді. Дербес парақшадағы төменгі менюде «Назарбаев зияткерлік мектептері», «Назарбаев Университеті», сияқты оқу орындары мен бағдарламалар туралы ақпарат орналастырылған.