National Emblem of Kazakhstan

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Выступление Главы государства на церемонии вручения государственных наград по случаю Дня Независимости


Қадірлі қауым!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ұлт мерейін өсіретін ұлық мейрам.

Біз тарих тұрғысынан алғанда қысқа мерзім ішінде жаңа Қазақстанның негізін қаладық. Тұғыры берік, экономикасы қуатты, беделі биік мемлекетке айналдық.  Мұның бәрі, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының жемісі. Сонымен бірге, бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі.

Кез-келген халықтың табысқа жетуі азаматтарына байланысты. Бұл – өмірдің заңы.

Адам капиталы мықты мемлекет барлық қиындықты еңсере алады. Тәуелсіздік кезеңінде халқымыз елдіктің бірегей үлгісін көрсетті.

«Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» деп бекер айтылмаған. Шын мәнінде, біздің бүгінгі жетістігіміз – барша халқымыздың ортақ жеңісі. 

Жаңа Қазақстанды өркендетуге азаматтарымыздың көбі сүбелі үлес қосты.  Бүгінгі мерейлі сәтте еліміздің барша азаматтарына табанды еңбегі үшін зор алғыс айтамын.

30-летие Независимости – это значимая веха в истории нашей многовековой государственности, важный рубеж в летописи современного Казахстана.

За эти годы наша страна прошла большой путь, отмеченный серьезными достижениями и преодолением сложных вызовов.

Подавляющее большинство граждан страны своим созидательным трудом вносит значимый вклад в дело строительства сильного и прогрессивного государства.

Бүгін өздеріңізді марапаттай отырып, Қазақстанды көркейтуге үлес қосқан барлық азаматқа ризашылық білдіреміз. Сіздер нағыз отаншылдықтың, кәсіби білік пен адал еңбектің озық үлгісін көрсеттіңіздер. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді.

Осыдан бір жыл бұрын мен үлкен мерейтойды шусыз, даңғазасыз, ысырапсыз, нақты жұмыстармен атап өту қажеттігі туралы айттым. 

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында жаңа, ауқымды реформалар қолға алынды. Сондықтан, бұл жылды нәтижелі болды деуге толық негіз бар. Біз экономиканы және әлеуметтік саланы жан-жақты жаңғыртып жатырмыз. Індетке қарамастан, мемлекет отандық бизнеске қолдау көрсетуде.    

Поступательно развивается промышленность, сельское хозяйство, строительная отрасль, финансовый сектор.

В регионах реализуются крупные инфраструктурные проекты.

Комплексная трансформация идет в сфере образования и здравоохранения.

Государство выполняет свои социальные обязательства, стабильно повышая пенсии, пособия, заработные платы.

Большие изменения произошли в системе государственного управления.

Мною утверждены 10 национальных проектов, нацеленных на улучшение качества жизни граждан и усиление конкурентоспособности страны.

Қоғамдық-саяси салада елеулі өзгерістер жасалуда. Мен ұсынған саяси реформалар топтамасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Біз Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткіздік.

Биыл маусым айында адам құқықтары саласындағы алдағы шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл құжат құқық қорғау саласын кешенді түрде жаңғыртуға бағытталған.

Қоғамдық диалогты біртіндеп дамыту үшін нақты шаралар қолға алынып жатыр. Мұның бәрі азаматтарымыздың шешім қабылдау және мемлекеттік басқару ісіне белсене қатысуына жол ашады.          

Наша цель – эффективное государство и справедливое общество. Этот стратегический вектор остается неизменным. Перед нами стоят масштабные задачи по дальнейшему повышению благосостояния народа, укреплению нашей священной Независимости.

 

Құрметті қауым!

Халқымызда «Еңбегіне қарай – құрметі» деген аталы сөз бар.

Біз Қазақстанды өркендетуге еңбегі сіңген отандастарымызға жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында құрмет көрсетеміз. Мұндай азаматтар еліміздің әр өңірінде бар. 

Менің тапсырмаммен Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-министр және Мемлекеттік хатшы аймақтарға барып, халықпен кездесу өткізді. Ерен еңбегімен ерекшеленген азаматтарға жоғары мемлекеттік марапат тапсырды. Осы игі шара Ақордада жалғасуда.

Бүгін бір топ қайраткеріміз менің Жарлығыммен мемлекеттік марапатқа ие болды.

Биыл еліміздің ең жоғарғы атағы көрнекті жазушы, драматург Әкім Таразиге берілді. Ол руханиятымызды дамытуға және қоғамдық келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» атанды. Көрнекті қаламгердің шығармашылық жолы жас ұрпаққа қашанда үлгі-өнеге. 

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Көпбейінді медицина орталығының» директоры Мұхтар Төлетаев «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» атағына ие болды. Ол басқаратын аурухана ұжымы пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырған 15 мың адамды емдеп шығарды. Қатерлі ісікке шалдыққан жандарға осы мекемеде былтыр 3 мың ота жасалды, 8 мың адам науқасынан айықты. Осы орайда, дәрігерлеріміздің еңбегі қандай құрметке де лайық.

Звание «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» присваивается генеральному директору ТОО «Казцинк» Александру Хмелеву. Он трудится в этой компании на протяжении почти четверти века, пройдя путь от рядового электромеханика до руководителя. Александр Хмелев внес огромную лепту в модернизацию производства и укрепление промышленного потенциала страны.

Бүгін еңбек ардагері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков пен танымал ақын Ақұштап Бақтыгереева және көрнекті жазушы Сәбит Досанов «ОТАН» орденімен марапатталатын болды.

Бірінші дәрежелі «БАРЫС» орденімен мемлекет және қоғам қайраткерлері Нұртай Әбіқаев, Дариға Назарбаева, Қуаныш Сұлтанов және белгілі ғалым Тілектес Есболов марапатталды.

Орденом «БАРЫС» первой степени награждается неизменный руководитель завода «Зенит» в Западно-Казахстанской области Вячеслав Валиев, работающий на этом предприятии всю свою трудовую жизнь.

Екінші дәрежелі «БАРЫС» орденімен Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев марапатталды.

Қазақ киносының ардагері, белгілі актер Нұржұман Ықтымбаев екінші дәрежелі «БАРЫС» орденін иеленді.

Елге танымал хирург Серік Тоқпанов та екінші дәрежелі «БАРЫС» орденімен марапатталды.   

Орден «БАРЫС» второй степени будет вручен известному писателю, автору популярных произведений Валерию Михайлову.

Белгілі өнер иесі, көрнекті қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан үшінші дәрежелі «БАРЫС» орденімен марапатталды.

Орден «ДАҢҚ» первой степени сегодня вручается Булату Баекенову, стоявшему у истоков становления спецслужб нашего государства.

Государственная премия в области науки и техники имени аль-Фараби присуждается Кунсулу Закарье и Аманкелди Саданову.

Кунсулу Закарья возглавляет группу ученых, создавших отечественную вакцину против коронавируса «QazVac» и ведущих сейчас разработку еще нескольких аналогичных препаратов.

Аманкелди Саданов сформировал научную школу, изучающую новое и актуальное для нашей страны направление – биотехнологию и микробиологию почв.

Елге танымал қоғам қайраткері, журналист Мұхамеджан Тазабек «ПАРАСАТ» орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Ауғанстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Әлімхан Есенгелдиев «ПАРАСАТ» орденіне лайық деп танылды.

«ПАРАСАТ» орденімен белгілі дипломат Қайрат Сарыбай да марапатталды.

Батыс Қазақстандағы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Нұрлыгүл Жұбатова да «ПАРАСАТ» орденімен марапатталды.

Высокими орденами награждена группа известных предпринимателей, казахстанских и иностранных, в том числе вносящих значительный вклад в укрепление нашей государственности.  

Орталық Азиядан шыққан ең жас халықаралық гроссмейстер – шахматшы қызымыз Жансая Әбдімәлікке және белгілі опера әншісі Зарина Алтынбаеваға «ҚҰРМЕТ» ордені берілетін болды.

Танымал тележүргізушілер, журналистер Зейін Әліпбек және Вера Захарчук «ҚҰРМЕТ» орденіне ие болды.

Орденом «ҚҰРМЕТ» также награждаются директор гимназии для одаренных детей города Павлодар Корлан Куспекова, заведующий неврологическим отделением многопрофильной больницы города Кокшетау Макшарип Мартазанов, главный врач второй клинической больницы города Алматы, высококвалифицированный нейрохирург Марат Рабандияров. Они являются яркими представителями важнейших во все времена профессий – учителя и врача. Своим профессионализмом и созидательным трудом они приумножают гуманитарный потенциал и укрепляют здоровье нации.

Орден «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» третьей степени вручается машинисту тепловоза АО «Евроазиатская энергетическая корпорация» Сактаю Касенову. Он успешно проводит испытания новых тепловозов и подготовил не одно поколение молодых специалистов.

В целом в этом году очень большая группа представителей индустрии, сельского хозяйства, простых людей, занимающиеся развитием нашей экономики, удостоены высоких государственных наград.

Почетное звание «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ» присуждается известному композитору, солисту группы «Дервиши» Дилмурату Бахарову, ученому секретарю Музея искусств имени Абылхана Кастеева Екатерине Резниковой, известному театральному артисту Мусе Ажибекову.

Атырау облысындағы «Нұрғиса Тілендиев атындағы  кіші өнер академиясы» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының мұғалімі Дәріжан Төреханова «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» құрметті атағына ие болды. Оның көптеген шәкірті ағылшын тілінен өткен республикалық олимпиадаларда жеңіске жетті.   

Жаңаөзен қаласындағы мектеп мұғалімі Роза Шишенбаеваға «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалі берілді. Ол орыс мектебінің оқушыларына қазақ тілі мен әдебиетін оқытады. Шәкірттері түрлі байқауда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Қостанай облысындағы «Касарас» медициналық орталығының бас дәрігері Гүлмира Сейдағалиева «ШАПАҒАТ» медалімен марапатталды. Басқа да көптеген азаматымыз жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды.

 

Қадірлі қауым!

Бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын! Баршаңызды келе жатқан үлкен мейраммен шын жүректен құттықтаймын! Шын мәнінде, алдымызда тұрған мақсаттар, міндеттер – өте ауқымды, күрделі. Сондықтан бір ел болып, бір қоғам болып, бір ұжым болып, халқымыз үшін қызмет ете берейік.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Әрқашанда аман болыңыздар!