National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік хатшы


Қырымбек Көшербаев Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновты мемлекеттік наградамен марапаттау рәсіміне қатысты

Алматы қаласында Қазақстанның халық әртісі, екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың иегері, танымал актер, дарынды режиссер Досхан Жолжақсыновтың 70 жасқа толуына орай салтанатты шара өтті. Жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхаттарын оқып берді.

– Жұртшылық Сізді майталман актер әрі белгілі кинорежиссер, жан-жақты дарынды өнер қайраткері, белді театр ұжымына жетекшілік еткен білікті басшы, көптеген шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз ретінде ерекше құрмет тұтады. Соңғы жылдары түсірген аса шоқтықты фильмдеріңіз талғампаз көрерменнің зор ілтипаты мен ыстық ықыласына бөленуде. Алдағы уақытта да халқымызды тың туындыларыңызбен қуанта бересіз деп үміттенемін, – делінген Елбасы Н.Назарбаевтың құттықтауында

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Досхан Жолжақсыновтың өнер жолын жоғары бағалап, оны мерейтойымен құттықтады.

– Ұзақ жылғы шығармашылық жолыңызда үлкен табыстарға қол жеткіздіңіз. Экранда және сахнада басты кейіпкерлерді сезімталдықпен, асқан шеберлікпен сомдап, көрермендердің ыстық ықыласына бөлендіңіз. Табиғи дарыныңызды отандық және шетелдік режиссерлер мен сыншылар жоғары бағалайды. Алдағы уақытта Тәуелсіз еліміздің мәртебесін биіктетуге және рухани байлығын арттыруға белсенді атсалыса беріңіз. Қолға алған істеріңіздің сәтті жүзеге асуына тілектестігімді білдіремін, – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

Осынау мерейлі күні Қазақстан Президентінің Жарлығымен Досхан Жолжақсынов еліміздегі жоғары мемлекеттік награда «Отан» орденімен марапатталды. Мемлекеттік хатшы өнер иесіне салтанатты түрде мәртебелі марапатты табыстады.

Жиынға актердің өнердегі әріптестері қатысып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова, белгілі режиссер Талғат Теменов, Мемлекет және қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджановтар сөз сөйледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 07 желтоқсан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

2021 жылғы 08 желтоқсан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

Жарлық

2021 жылғы 24 қараша

Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды