Жаңалықтар

1 желтоқсан 2014
Президент бас шыршаның шырағын жақты

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының алдындағы алаңда өткен іс-шараға халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен елорда мектептерінің оқушылары қатысты.

 

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының алдындағы алаңда өткен іс-шараға халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен елорда мектептерінің оқушылары қатысты.

Елбасы жиналғандарға арнаған сөзінде елімізде жас ұрпаққа қажетті барлық жағдай жасалып жатқанына тоқталды.

– Сендер білімді, денсаулығы мықты әрі еліміздің нағыз азаматтары болып өсулерің үшін балабақшалар, мектептер, спорт кешендері салынды. Біздің буын жаңа кәсіпорындар салынып, жұмыс орындары ашылып жатқан тәуелсіз Қазақстанды құрды. Осының бәрі сендердің бақытты болуларың үшін және әлемде сый-құрметке ие елде өмір сүрулерің үшін жасалуда. Келе жатқан Жаңа жыл армандарыңды жүзеге асырып, ертегі шындыққа айналсын, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға мықты денсаулық, табыс және бақ-береке тіледі.

Елдің «Бақыт құсы» аталған бас шыршасының биіктігі 25 метр.

Бүгін бас шыршамен бірге бір мезгілде елдің барлық өңірлеріндегі шыршалардың шырағы жағылды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу