Жаңалықтар

22 желтоқсан 2014
Елбасы Украинаның Премьер-Министрі Арсений Яценюкпен кездесті
Киев қ, Украина

Кездесу барысында Қазақстан мен Украина қарым-қатынастарының ахуалы мен болашағы, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды.

 

Кездесу барысында Қазақстан мен Украина қарым-қатынастарының ахуалы мен болашағы, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды.

Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен Украинадағы жағдайды ушықтырмауға бағытталған күш-жігер жөнінде пікір алмасылды.

Қазақстан Президенті екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының бұрынғы көрсеткіштерін қалпына келтіру үшін барлық мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды.

– ТМД –да қабылданған еркін сауда аймағы туралы келісімге сәйкес біз экономикалық байланыстарды дамытуға тиіспіз. Біздің елдеріміздің арасында жұмысына өзіңіз қатысатын үкіметаралық комиссия жұмыс істейтін болады. Ынтымақтастық жолдарын табуы үшін біздің бизнесмендеріміздің қатысуымен өтетін форум жоспарлануда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың Украинадағы жағдайға алаңдайтынын, тұрақтықтың қалпына келетініне үміттенетінін айтты.

– Украин ұлтының 330 мың қазақстандық азаматы біздің елдеріміздің арасындағы дәнекер. Біз Украинаның қалыптасқан ахуалдан шығып, бейбіт дами бастағанын қалаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

А.Яценюк Украина мен Қазақстанның арасында ежелден тығыз экономикалық және саяси қарым-қатынастар болғанына тоқталды.

– Бізде өзара іс-қимылдың екі негізгі бағыты бар: сауда және энергетика. Біз осы тұста ілгерілей аламыз. Біздің екіжақты экономикалық ынтымақтастығымыз тек жақсара беруі тиістігіне сенімдімін. Егер біз тауар айналымын ұлғайтуға бағытталған дұрыс әрі айқын шешімдер қабылдайтын болсақ, онда ол елдерімізге пайда әкелетін болады, – деді  Украина Премьер-Министрі.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар