Жаңалықтар

14 мамыр 2017
Қазақстан Президенті «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу рәсiмiне қатысты
​Қытай Халық Республикасы, Бейжің қаласы

Мемлекет басшысы Форумның ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ оған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары және делегациялары келді.   

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

 ***

Форумның басты мақсаты ‑ ынтымақтастықты жандандыру бағыттарын талқылау, өзара іс-қимыл платформаларын қалыптастыру және ынтымақтастық нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу.

Іс-шарада инфрақұрылымдық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіптік инвестициялар, энергетика мен ресурстар, қаржылық қолдау, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелер талқыланатын болады. 

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар