Жаңалықтар

22 желтоқсан 2014
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті
Мәскеу қ, Ресей Федерациясы

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым салаларын, сондай-ақ еуразиялық интеграциялық үдерістің даму барысын талқылады.

 

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым салаларын, сондай-ақ еуразиялық интеграциялық үдерістің даму барысын талқылады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібінде тұрған өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Елбасы Н.Назарбаев В.Путинмен алғашқы кездесуден бері 15 жыл өткеніне тоқталды. 

– Сіз 1999 жылы Үкімет төрағасы болған кезіңізде Алматыға келдіңіз. Осы жылдар ішінде Сіз Ресейде билік вертикалын қалпына келтірдіңіз, соның арқасында ол бүгінде мүлде басқа елге айналды. Өзіңіз жариялаған Жолдауды және ойға алған жоспарларды жүзеге асыруда үлкен табыстар тілеймін. Биыл біз Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойдық. Ол келесі жылы жұмыс істей бастайды. Барлық кедергілерге қарамастан, біз бұл ұйымды қолдауға және оны өміршең әрі барлығы үшін тартымды етуге тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Ресей Президенті екіжақты ынтымақтастықтың негізгі перспективаларына және интеграцияны әрі қарай тереңдету жөніндегі жоспарларға назар аударды. 

Мемлекет басшылары кездесу аясында 2013 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасу жөніндегі Хаттамаға қол қойды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар