Жаңалықтар

22 наурыз 2019
Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Режеп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру және ынтымақтастықты дамыту ісінде ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Тараптар бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары