Жаңалықтар

17 желтоқсан 2017
Елбасы Қазақстанның халық әртісі, танымал актер Құман Тастанбековтің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы көрнекті театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің дүниеден өткеніне орай көңіл айтты.

Жеделхатта Қ.Тастанбековтің отандық театр және кино өнерін дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі атап көрсетілген.

«Оның жарқын бейнесі мен ұлт өнеріне сіңірген еңбегі халық жадында әрқашан сақталатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар