Жаңалықтар

3 наурыз 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Армен Саркисянға Армения Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Армен Саркисянды Армения Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады. 

«Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз достас Арменияның қарқынды даму жолында жаңа табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп сенемін.

Сіздің белсенді қолдауыңыздың арқасында Астана мен Ереван арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да елдеріміздің игілігі үшін дами береді деп ойлаймын.

Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізде табыс, ал Армения халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар