Жаңалықтар

20 желтоқсан 2016
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы 19 желтоқсандағы террорлық акт салдарынан Берлин қаласында көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев А.Меркельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар