Жаңалықтар

5 наурыз 2013
Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Николае Урекені қабылдады

 

Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар Румыния Премьер-министрінің Қазақстанға биылғы екінші жартыжылдыққа жоспарланған сапарының маңыздылығына тоқталды. Алдағы келіссөздердің инвестициялық жобалар бойынша өзара іс-қимылды әлдеқайда сапалы деңгейге көтеруге, шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік хатшысы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге Астананың кандидатурасына Румынияның көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар